Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сенат есірткі саудасына жазаны күшейтетін заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан. Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қылмысқа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Әсіресе, адам өлтіру, зорлау, педофилия, мар ұрлығы, браконьерлік, есірткі таратуға, мас күйінде көлік басқаруға жазаны қатайту жөнінде айтты. Осы орайда аталмыш заң жобасы Президенттің осы тапсырмаларын орындауға арналған.

Заңсыз есірткі насихаты мен жарнама үшін жаңа бап енгізілді. Осы орайда есірткі жарнамасы үшін қылмыстық жауапқа тарту ескерілген. Айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыс деген болмайды, тек бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Заңсыз есірткі айналымы үшін электронды ақпарат ресурстарды пайдалану деген саралау белгісі енгізілмек. Бұндай қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *