НУР-СУЛТАН, 27 желтоқсан. Жыл басынан бері Қырғызстанда экстремистік сипаттағы 100-ден астам сайттар мен аккаунттар анықталды, деп хабарлайды ҚирТАГ .
Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы күрес қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг нәтижесінде экстремистік және террористік сипаттағы 80 сайт пен 22 аккаунт анықталды, олардың ішінде 44 сайт пен 10 аккаунт сот шешімімен бұғатталды .
Діни экстремистік және халықаралық террористік ұйымдардың идеологиясының таралу фактілері бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 516 адам анықталып, 316 адам ұсталып, 2104 экстремистік материалдар тәркіленді.