Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Беларусьте жарты тонна героин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан. Беларусь тәртіп сақшылары жарты тонна героин тәркіледі, деп 24.kz хабарлайды. 

Ел тарихында бұрын-соңды осындай көп көлемде  есірткі қолға түспеген еді. Жалпы героин Беларусьте сирек кездеседі. Бір граммның орташа бағасы 100 доллар, бұл есірткіге құмар жергілікті тұрғындар үшін өте қымбат баға. Тергеу барысында героинның Ауғанстаннан Еуропа елдеріне тасымалданғаны анықталды. Ал Минскке бұл жүкті 3 ер адам мен бір әйел жеткізген екен. Олардың барлығы Жерорта теңізі жағалауындағы елдің тұрғындары.

«Бұл ұзақ уақытқа жалғасқан операцияның нәтижесі болды. Яғни қылмыскерлер кездейсоқ ұсталған жоқ. Осы азаматтар назарымызға алғаш рет түсті. Еліміздің аумағы арқылы батысқа да, шығысқа да есірткі тасымалдау қаупі бар. Қылмыстық кәсіп құпия түрде өтетіндігін ескерсек, өте сақ болуымыз қажет», — деді Беларусь ІІМ Басқарма бастығы Геннадий Казакевич.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *