Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Америкада белгісіз біреу діни қызметкердің үйінде бес адамды пышақтап тастады

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан. Нью-Йорк штатында синагого жанындағы үйде кемінде бес адам пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Шабуыл Нью-Йорктен солтүстікке қарай орналасқан Монси қаласында болған. Бұл қалада хасидтер көп тұрады.

Ортодоксалды яһудилер қоғаммен байланыс кеңесі (OJPAC) үйдің раввинге (еврейлердің діни қауымының рухани басшысы) тиесілі екенін хабарлады.

Бес адам пышақ жарақатымен ауруханаларға жеткізілді, кеңес мәліметінше, марқұмдардың бірі кем дегенде алты рет жарақат алған. Жараланғандардың бәрі – еврей-хасидтер.

«Шабуылдаушы не себепті қастандық жасағаны әзірге белгісіз. Ол қашып кетті, бірақ кейінірек ұсталып, қамауға алынды» деп хабарлады полиция.

Сақшылар оны ұзын бойлы қараторы еркек деп сипаттады.

Оқиға ханука (еврейлердің мерекесі) кеші болып жатқан уақытта орын алған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *