НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан. Ауғанстанның солтүстік-шығысында, Тахар провинциясында «Талибан» содырларымен болған қақтығыс барысында полицияның кемінде 17 мүшесі қайтыс болды, деп gossluzhba.kz хабарлайды.
Бұдан бөлек тағы төрт адам зардап шеккен, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі жергілікті билік органдарына сілтеме жасап. Шабуылды тойтару нәтижесінде он содырдың көзі жойылды. Айта кетсек, шабуыл 28 желтоқсанда кешке болған.