НҰР СҰЛТАН, 30 желтоқсан. АҚШ-тың Техас штатында атыс болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Тағы бір азамат оқ жарақатын алды. Оқыс оқиға христиандар шіркеуінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша қаскөйдің өзі де сол маңда өлі күйінде табылған. Әзірге оның кім екені және бұл қадамға не үшін барғаны анықталған жоқ. Белгілісі, қаруланған азамат ғибадатханаға кіріп, ішіндегі адамдарға оқ жаудырған. Қазір осы іске байланысты полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.