НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан. Сомали астанасы Могадишодағы лаңкестіктен қаза тапқандар саны артып, 90-ға жетті, деп хабарлайды 24.kz.
Бұған дейін жойқын жарылыстан 73 адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Тағы 53 тұрғын түрлі жарақат алған. Опат болғандардың арасында 4 шетелдік бар. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны әлі көбеюуі мүмкін деп отыр.
Еске сала кетейік, кеше Могадишо қаласындағы бақылау-тексеру бекетінің жанында бомба жасырынған жүк көлігі жарылды. Содырлар террорлық әрекетті таңертең тіршілік қызған уақытта жүзеге асырды. Жарылысты қандай лаңкестік топ ұйымдастырғаны белгісіз. Содырлар іздестіріліп жатыр.