НҰР-СҰЛТАН, 03 желтоқсан. Түркия билігі «Ислам мемлекетінің» үш мүшесін (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) елден депортациялады, деп Anadolu Ajansi-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Елден қуылған қылмыскерлердің Швейцария азаматтығы болған, сол елге оларды депортациялады.
Ресми Анкара, кейбір ЕО елдерінің қарсылығына қарамастан, қылмыстық топтармен байланысы бар шетелдік азаматтарды елден шығаруды жалғастыратынын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия, көптеген елдер сияқты, өз территориясындағы ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларының әрекетінен зардап шеккен. Алты жыл ішінде қылмыскерлердің әрекеттерінен 315 адам қайтыс болды, жүздеген адам жарақат алды.