НҰР-СҰЛТАН, 04 қаңтар. Буркина-Фасодағы автобус жарылысынан он төрт адам, оның ішінде балалар да қаза тапты. Бұл туралы 4 қаңтарда Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Жарылыс елдің оңтүстік-батысындағы Суру провинциясының Тоэни департаментінде болды. Мектеп оқушыларын Тома қаласына тасымалдайтын автобус жол жиегіндегі минаға соқтығып қалды.
Жарылыс салдарынан 14 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төрт адам жарақаттанды.
Қазіргі уақытта жарылысқа жауапкершілікті террористік топтардың ешқайсысы мойнына алған жоқ.
Бұған дейін Буркина-Фасоның солтүстігінде террористік топтың шабуылы нәтижесінде 11 сарбаздың қаза тапқаны туралы хабарланған .