НҰР-СҰЛТАН, 05 қаңтар. 2019 жылы Ауғанстанда 2,2 мыңнан астам бейбіт тұрғын «Талибан» шабуылдарының салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы сенбі күні елдің Ішкі істер министрлігі жариялаған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
Мәлімдемеде «Талибан» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қозғалысының содырлары өткен жылы көптеген шабуылдарды жасағаны хабарланады. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды пайдаланып жасаған жаңкешті лаңкестердің және партизандық шабуылдардын салдарынан 2219 бейбіт тұрғын қаза болып, 5172 адам жарақат алған.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігі өз мәлімдемесінде бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылды айыптап, оларды әскери қылмыс деп атайды.
Естеріңізге сала кетейік, тәлібтер ауған қауіпсіздік күштері мен елдегі НАТО коалиция күштеріне жиі шабуыл жасайды, нәтижесінде көптеген бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды.