Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ирак елден шетелдік әскерилерді шығару туралы құжат қабылдады

Ирак депутаттары үкіметті АҚШ және басқа да шетелдік әскерлерді ел аумағынан шығару үшін шешім қабылдауға шақырды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. 

«Ирак үкіметі кез келген шетелдік әскердің Ирак жерін, әуе және су жолдарын пайдалануына тыйым енгізуге күш салуы керек», — делінген жексенбі күні қабылданған құжатта.

Парламенттік резолюция үкімет үшін заң сияқты міндетті болып саналмайды. Алайда бұған дейін Ирак премьер-министрі Адель Абдул Махди депутаттарды шетелдік әскерилердің қатысуымен жасалатын әрекеттерді мейілінше жылдамдатып аяқтауға шақырған еді. Парламентте дауыс беру АҚШ-тың әуе соққысы жасалғаннан кейін болды.

Еске сала кетсек, 3 қаңтарда Бағдад халықаралық әуежайына жасалған зымыран шабуылынан 8 адам қаза тапты. Ракеталар «Аль-Хашд аш-Шааби» шиит жасағына қарсы бағытталған болатын. Артынша Пентагон шабуыл жасағанын растады.

Ракета шабуылынан қаза тапқандар арасында ирандық Ислам революциясы күзетшілері корпусының «Кудс» арнайы жасағының қолбасшысы Касем Сүлеймани болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *