Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

2019 жылы Ресейде есірткі туралы ақпараттары бар 21 мыңға жуық сайт бұғатталды

НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. 2019 жылдың басынан бастап есірткі туралы заңсыз ақпарат таратылған 21 мыңға жуық интернет-ресурстар бұғатталды. Сонымен қатар, веб-ресурстардың көпшілігі Ресейден тыс жерлерде тіркелген, деп хабарлайды ТАСС РФ ІІМ баспасөз орталығына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 қарашасына дейін Ресей Ішкі істер министрлігінің Есірткі айналымын бақылау жөніндегі бас басқармасы 37 мыңнан астам электронды шағымдарды қарап, шамамен 21 мың сараптамалық шешімдер қабылдап, есірткі туралы тыйым ақпаратты тарататын интернет-ресурстарды бұғаттады», — деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, есірткіге арналған мамандандырылған сауда алаңдарының үлесі 7 мыңға жуық сараптамалық шешімдерді құрайды. «Веб-ресурстардың едәуір бөлігі Ресей Федерациясынан тыс орналасқан хостингтік компаниялардың техникалық аймақтарында орналасқандығы анықталды», — деп түсіндірді ІІМ.

Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырмасымен Ішкі істер министрлігі интернетте есірткіні насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін заң жобасын жасады. Ішкі істер министрлігінің өкілі Ирина Волк есірткіні насихаттау үшін әкімшілік жауапкершіліктің жеткіліксіз екенін түсіндірді. Жақын арада ІІМ-де интернетте есірткіге қарсы күрес бөлімшесі пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *