Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жұлдызбек Тәуірбеков «алауыздық қоздыру» және «терроризмді насихаттау» айыбымен жеті жылға сотталды

АЛМАТЫ, 07 қаңтар. Алматының Алмалы аудандық соты Қылмыстық кодекстің «Терроризмді насихаттау» және «Алауыздық қоздыру» баптары бойынша айып тағылған 41 жастағы Жұлдызбек Тәуірбековті жеті жылға бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп Азаттық хабарлайды. 

Тәуірбеков жазасын қауіпсіздігі орташа дәрежелі мекемеде (жалпы режимдегі колония) өтейді. 6 қаңтар күні кешке үкімді жариялаған судья Қайрат Иманқұлов айыпкер Тәуірбековке денсаулық жағдайына байланысты (оның жүрегі ауырады) сот үкімін отырып тыңдауға рұқсат етті.

Жұлдызбек Тәуірбековпен бірге WhatsApp мессенджеріндегі топта «радикалды идея таратып, терроризмді насихаттады және әлеуметтік араздық қоздырды» деп айыпталған сегіз айыпталушының ісі бойынша сот өткен жылы тамызда аяқталған. Аудандық сот сегіз адамды айыпты деп танып, 5-8 жыл аралығындағы мерзімге бостандығынан айырған. Былтыр 20 қарашада апелляция соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот Тәуірбековтің денсаулық жағдайына байланысты ісін жеке өндірісте қараған. Қазақстанның әр аймағында тұратын бұл тоғыз адам 2018 жылдың соңында тұтқындалған. Сот процесі кезінде барлығы да тағылған айыпты терістеп, оны «ойдан шығарылған» деп атаған.

2019 жылы тамызда қазақстандық құқық қорғаушылар сегіз сотталушыны діни көзқарасы үшін қудаланған азаматтар деп таныған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *