НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Американдық Нью-Йорк қаласы маңызды нысандар мен қоғамдық орындарда жоғары дайындық режимін енгізу туралы жариялады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
Жоғары дайындық режимі 3 қаңтар күні АҚШ-тың Бағдад әуежайына жасаған шабуылында «Ислам революциясы сақшыларының» «Аль-Кудс» арнайы күштер корпусының қолбасшысы Касем Сүлеймени өлтірілгеннен кейін енгізілді.