АЛМАТЫ, 10 қаңтар. Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығындағы адамдарды шұғыл түрде шығарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы полициясы сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялаудың себебін түсіндірді.
«Құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Қазір бұл ақпаратты тексеру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Эвакуация жасалды. Осы оқиғаға байланысты барлық жедел әрекет ету қызметтері күшейтілді», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Сауда орталығы толықтай тексерілді.
«Тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ », — деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.