НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау және Жаңаөзен қалаларында бір топ ер адамды – «салафизм» деструктивті діни ағымын ұстанушыларды ұстады, деп Sputnik жазады.
Олар пайдакүнемдік ниетпен ірі мөлшерде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаумен айналысқан.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларының екі тұрғыны, сондай-ақ олардың сыбайластары анықталып, ұсталды», — деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері.Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару, сондай-ақ экстремистік сипаттағы діни материалдар табылып, тәркіленген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.