Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда есірткі заттарын жарнамалаған 80 жазба өшірілді

АЛМАТЫ, 12 қаңтар. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі, аудандық полиция басқармасы және меншік иелері кооперативті қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп, үйлердің қабырғасына жазылған есірткі заттарының жарнамасын өшірді, деп inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Тексеріс кезінде 80 жарнамалық жазба анықталып, өшірілген. Аудандық әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын мәлімдеді.

Есірткі немесе психотропты заттардың жарнамасын көрсеңіздер, бірден фотоға түсіріп, мекенжайымен қоса Алмалы ауданы әкімдігінің 8708 683 02 94 WhatsApp нөміріне жіберулеріңізді сұраймыз, — дейді әкімдіктегілер.

Айта кету керек, алдағы уақытта Қазақстанда ғимараттардың қабырғасына сурет салатындарға қатысты жаза қатаңдатылмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *