НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің you tube арнасында күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар көрсетілген бейнеролик орналастырылған.
Бейнероликте қоғамдық орындарда, кіреберісте, көшеде және т.б. жерлерде күдікті зат табылған жағдайда оның иесін анықтауға тырысу керек делінген. Егер иесі табылмаса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Сонымен қатар, роликте ықтимал қауіпті затқа тән ерекшеліктер, осы затты байқаған кездегі жүріс-тұрыс ережелері, эвакуациялау кезіндегі ережелер сипатталған.
Сіздің қырағылығыңыз қауіптің алдын алуы мүмкін!