НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясының астанасында болған бірнеше жарылыста екі адам қаза тауып, кем дегенде сегізі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.
Арна хабарлағандай, жарылыстар сейсенбі күні таңертең Мазари-Шариф қаласында далалық аурухананың жақын маңында бірінен соң бірі болды. Пажвак агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар салдарынан балалар қаза тапқан.
Полиция өкілінің айтуынша, алғашқы мәліметтер минаның жарылғанын көрсетіді.