НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар. Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды. Ел парламенті жексенбі, 13 қаңтар күні президент Әбдел Фаттах Ас-Сисидің тиісті жарлығын бекітті. Бұл туралы заң шығару органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Анадолы агенттігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Мәлім етілгендей, Мысыр Араб республикасында төтенше жағдай жетінші рет ұзартылып отыр.
Коммюникеге сәйкес, биліктің шешімі елдегі қауіпсіздік ахуалымен байланысты.
Мысырда төтенше жағдай 2017 жылы Танта және Александрия қалаларындағы шіркеулерде болған жарылыстардан кейін енгізілді. ДАИШ (Қазақстанда және өзге мемлекеттерде тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойнына алған лаңкестік актілер салдарынан 45 адам мерт болды, тағы 125-і зардап шекті.
Оқиғалардан кейін президент Ас-Сиси үш ай мерзімге төтенше жағдай режімін енгізу туралы шешімін жария етті. Мемлекет басшысының директивасында бұл режімді үш айға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған болатын.