Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтауда есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

АҚТАУ, 17 қаңтар.  Маңғыстау облысы аумағында көптен бері синтетикалық есірткі жеткізумен айналысып келген екі адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 16 қаңтарында таңғы сағат 09: 30-да Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде Алматы қаласының тумасы екі ер адамды ұстаған.

«Тінту кезінде олардан жалпы салмағы жарты келіге жуық 240 дана шағынй пакеттерге салынған синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді.

Бұл дерек ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-химиялық сараптама тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *