Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылордада жеңіл автокөліктен 16 келі марихуана табылды

ҚЫЗЫЛОРДА, 17 қаңтар. Қызылорда облысында жеңіл көлікпен 16 келіден астам есірткі тасымалдаған адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Қармақшы ауданы тұсындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тасжолының бойында тоқтатылған жеңіл автокөліктен есірткі табылды.

«Тексеру жүргізу барысында автокөліктің артқы жүк салғышынан ерекше иісі бар сөмке және артқы жолаушылар орындығынан сол тәріздес шөп салынған 2 дана пластикалық құты алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар заттар 16 кг. 788,65 гр. кептірілген марихуана екендігі анықталған. Бүгінгі күні күдікті Қармақшы ауданы Полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу жағдайы көрсетілген», деп мәлім етті Қызылорда облысының полиция департаменті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *