НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар. Сомалидің Афгойе қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.
Сомалидің Афгойе қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тауып, 20 жарақат алды. Лаңкес бомба жасырынған көлікпен түрік жұмысшыларын шабуылдады. Салдарынан түрік азаматтарын қорғап жүрген бірнеше полицей көз жұмды. Лаңкестіктен 4 Түркия азаматы жараланды.
Шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Ал осы оқиғаға дейін Сомали күштері шаһардың орталық ауданында «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымына қарсы операция жүргізіп, 16 содырды жер жастандырды.