Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Алжирде лаңкестікке қатысы бар сегіз адам ұсталды, деп Алжирдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады.

Террористердің серіктестері елдің солтүстік-шығысында (Эль-Уэд провинциясы), солтүстігінде (Бумердес провинциясы) және солтүстік-батыста (Тиссемсилт провинциясы) ұсталғаны белгілі болды.

Бумердес пен Скикда провинциясында табылған жарылғыш құрылғылар да істен шығарылды. Бұл жерде әскерилер үш құпия қойманы жойды, соның ішінде қолдан жасалған миналар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, Алжирдегі терроризм мәселесі 1991 жылғы желтоқсандағы сайлауда «Исламдық құтқару майданы» жеңіске жеткеннен кейін күрт көтерілген болатын. Сол кезде Алжир армиясы екінші кезенің болдырмай, «Исламдық құтқару майданына» тыйым салды.

Бұған жауап ретінде оның жақтастары жасырынып, террористік шабуылдар жасай бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *