НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Мәскеуде Дағыстан Республикасының тумасы Ислам Өтемовке қарсы терроризмді қаржыландыру туралы қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол халықаралық террористік ұйым мүшесіне 60 мың рубль аударғаны үшін сотталады, деп РФ ТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
2015-2017 жылдары Өтемов танысының өтініші бойынша оның банк карталарына 61 мың рубльді аударғаны анықталды. Бұл ретте, айыпталушы оның танысының Сирия аумағындағы «Ислам мемлекеті» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) террористік ұйымында тұрғанын білгенін тергеушілердің еш күмәні жоқ.
Осы уақыт аралығында Өтемов Ресей астанасында тұрғандықтан, оған қатысты қылмыстық іс Мәскеудегі екінші Батыс аудандық әскери сотының қарауына жіберілді.