НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Израильдің Ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы Надав Аргаман дүйсенбі күні жасалған мәлімдемесінде 2019 жылы Израильде «жүздеген террорлық шабуылдардың алды алынды» деп айтты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Н.Аргаман көпшілік алдында жасаған мәлімдемесінде оның қызметі 560-тан астам лаңкестік әрекеттің, оның ішінде он жанкештілердің шабуылын, адам ұрлаудың төрт фактісін және 300-ден астам оқ атудың алдын алды.
«Өткен жыл біз жұмыс атқарып жатқан барлық бағыттардағы қауіпсіздік мәселелеріне толы болды», — деді Н. Аргаман.
Израиль 2014 жылы бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін басталған Палестиналықтар тарапынан жасалған шабуылдар толқынына тап болды.