НУР-СУЛТАН, 22 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости үкіметтің коммюникесіне сілтеме жасап.
«20 қаңтар дүйсенбі күні, қарулы террористер тобы Награого базарына шабуылдады. Сол жерде 32 отандастарымызды өлтіріп, базарды өртеп, шегініп бара жатқан кезінде Аламу ауылының маңында тағы төрт адамды өлтірді. Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде үш адам жарақат алды», — делінген коммюникеде.
Үкімет қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.
Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым мойнына алған жоқ.