НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Ауғанстан батысындағы Гор провинциясында «Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) 40 содыры билікке берілді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады .
«40-қа жуық «Талибан» содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) сейсенбіде тізе бүгіп, батыстағы Гор провинциясының Шахрак аймағында қарулы қақтығысты тоқтатты», — делінген хабарламада. Сондай-ақ олар қару-жарақтарын әскерилерге тапсырды.
Соңғы бірнеше аптада Шахракта 150-ге жуық талибан берілді. Аймақта Ауғанстан әскерінің, полицияның және барлау қызметінің бірлескен операциясы жалғасуда .
Жыл басынан бері елдегі билікке 350-ден астам содыр берілді.