Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Душанбеде жыл басынан бері 23 келіден астам есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Тәжікстан астанасының полиция қызметкерлері 20 келіден астам есірткіні тәркіледі, деп хабарлады ТаджикТА.

«Асадулло Гайратов, Андалеба Муиддинов  және Мирзовали Назаров азаматтарынан полиция қызметкерлері 9 кг гашиш тәркіледі. Күдіктілер «Саодат» сауда орталығынын жанында есірткіні шартты сатып алушыға сатпақ болған жерінде ұсталды. Есірткіні елордаға А.Гайратов әкелген, ал  А.Муиддиновтың пәтерінде сақталған», — деп хабарлады Тәжікстан ІІМ баспасөз орталығы.

Сондай-ақ, есірткі саудасымен айналысқан деген күдікпен 1977 жылы туған елорда тұрғыны Ахроров Султон Хайрович ұсталды. Ол кейін сату үшін елордаға 11 кг апиын мен гашиш әкелді.

Күдіктілерге қатысты Тәжікстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Есірткінің заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің Душанбе қаласы бойынша департаментінің хабарлауынша, 2020 жылдың алғашқы 20 күнінде Душанбеде 23 келіден астам есірткі тәркіленген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *