НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Индонезияның саясат, құқық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші-министрі Мохаммад Махфуд қазіргі уақытта елдің 660 азаматы террористік іс-әрекетке күдікті деп мәлімдеді. Бұл туралы Kompas басылымына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Индонезия Үкіметі мәселені шешу жолдарын іздейді. Себебі, бұл көптеген министрліктер мен ведомстволарға қатысты. Солардың бірі — негізгі міндеттері әлеуметтік зардапдапды есепке алу болатын, әлеуметтік істер министрлігі.
«Бұл істердің барлығы жақын арада қаралып, президентке тапсырылады. Мүмкін, 2020 жылдың бірінші жартысында», — деді Мохаммад Махфуд.
Бұдан бұрын хабарлағандай , Индонезия 2020 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету аясында терроризммен күреске баса назар аударады.