НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар. Бейсенбі күні Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясының ауылдық аймағында болған жарылыста бірнеше түрік әскері қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі САНА ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады .
Көлік Ракка провинциясының солтүстігіндегі Хамам ауылының жанында жарылды.
Бұл жарылыс Түркияның бақылауындағы Сирияның солтүстік аймақтарындағы бірнеше шабуылдар топтамасының кезектісі болды.