НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар. Малиде содырлардың әскери лагерге шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің 19 қызметкері қаза тапты, тағы бес адам зардап шекті, деп Мали армиясының сайтта жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Жексенбі күні содырлар Сегу облысының Соколо қаласындағы әскери лагерьге шабуыл жасады. Содырлар өздерімен бірге лагерьден қару-жарақ пен әскери техниканы алып кетті.
Террорлық топтардың ешқайсысы шабуыл үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.