НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Жексенбі күні Сирияның солтүстігінде Түркиямен шекаралас аудандардың бірінде бомбаның жарылуы салдарынан сегіз адам қаза тапты, тағы 20 адам жарақат алды, деп САНА АА сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.
Алеппо провинциясының солтүстігіндегі Аазаз қаласындағы мейрамхана манында жарылғыш зат салынған көлік жарылды . Жарылыс салдарынан сегіз бейбіт тұрғын қайтыс болып, тағы 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Жақын жерде орналасқан тұрғын үйлер мен қоғамдық нысандар да бұзылды.
Хабарламада шабуылды қай топ жасағандығы көрсетілмеген.
Басқа ақпарат құралдары дереккөздерге сілтеме жасай отырып, жарылыс болған Аазаз қаласы қазір Түркия қолдайтын оппозициялық «Сириялық азат армия» бақылауында деп мәлімдеді.