Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда түрмесінде бүліктер ұйымдастыру әрекетті үшін70 адам қосымша жаза алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Тәжікстанда түрмеде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды деп айыпталған 70 адам қосымша жаза алды. Тағы 30 адамның ісі тергеуде жатыр.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды. 

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 24 қаңтарда парламент отырысында осылай деп мәлімдеді. Шенеунік істің қай түрмеге қатысты екенін айтпады.

Тәжік колонияларында жарты жылдың ішінде екі бүлік тіркелді: 2018 жылы 7 қарашада Худжанд қаласындағы колонияда және 2019 жылы 19 мамырда Вахдат қаласындағы колонияда. Ресми мәлімет бойынша, «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының аса қауіпті 30 жақтасы Вахдат колониясының үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашуға талпынған. Бүлік кезінде 32 адам қаза тапты: 29 жазасын өтеуші және мекеменің үш қызметкері.

Худжанд қаласындағы колонияда тіркелген бүлікте 21 жазасын өтеуші, түрменің екі қызметкері қаза тапты, бес күзетші ауыр жараланды.

Өткен жылы жазда Душанбе қаласындағы түрмеде жазасын өтеушілер жаппай тәртіпсіздік жасауға әрекеттенгені туралы хабарланды.

Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымының есебінде Тәжікстандағы түрмелер мен тергеу абақтыларында кісі азапталатыны туралы айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *