НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар. Алжирдің терроризмге қарсы күштері сәрсенбі күні елдің астанасында өзін-өзі жаруды жоспарлаған террористі ұстады. Бұл туралы Алжирдың Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлайды .
Терроризмге қарсы күштер нақты ақпарат алғаннан кейін сәрсенбі күні Алжирдің батыс маңында террористті ұстап, жарылғыш заттарды тәркілегені айтылады. Ұсталған адам елордадағы жаппай митинг кезінде өзін-өзі өлтіруді жоспарлаған.
Алжир Қорғаныс министрлігі халқын ауқымды шаралар кезінде қырағы болуға шақырды .