НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. АҚШ қарулы күштері Аль-Каида террористік тобының Йемендегі мүшелеріне шабуыл жасады. Шабуылдың мақсаты — террористік топ басшыларының бірі Касим аль-Раймиді өлтіру болатын. Бұл туралы 31 қаңтарда CNN телекомпаниясы америкалық әкімшіліктегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп baq.kz жазады.
The New York Times таратқан хабарламаға қарағанда, АҚШ-тың ресми тұлғалары аль-Райми Йемендегі әуе соққылары кезінде қайтыс болды.
Кейін аль-Раймиді ұшқышсыз ұшақтың көмегімен іздеді. АҚШ Йемен территориясына қаңтарда соққы жасады.
АҚШ-тың ресми тұлғалары терроршының қайтыс болғаны туралы қосымша расталған ақпарат алғаннан кейін мәлімдеме жасайды.
Йеменде «аль-Райми АҚШ-тың осы елдегі елшісін өлтіргісі келген» деген айыппен сотталып, түрмеге қамалған болатын. Алайда, ол түрмеден қашып шыққан.
Америкалық тараптың деректеріне қарағанда, оның үш терактіге қатысы бар.