НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. «Ислам мемлекетінің» содырлары (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) ирактық Тұз-Хурмату қаласының маңында екі күрд тұрғының тұтқынға алды, деп Rudaw сілтеме жасап REGNUM хабарлады.
Қала мэрі Навжул Джамал Салих басылымға берген түсініктемесінде бұл фактіні растады, ұрланған адамдардың ағалы-інілі екенін атап өтті.
Қалаға жақын ауылдардың бірінде ер адамдар мал жайып жүрген кезде террористер оларға шабуыл жасаған.
Еске салсақ, ИМ содырлары (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) Иракта, әсіресе Эрбил мен Багдад арасындағы даулы аймақтарда адамдарды ұрлау іс-әрекеттерін күшейтті.