Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы-Бішкек тас жолында 10 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

АЛМАТЫ, 04 ақпан. Алматы-Бішкек тас жолының 97 шақырымында арнайы операция жүргізген полиция қызметкерлері есірткі тасымалдаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасының мамандары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жолда тоқтатқан көліктен 4 кг 627 гр марихуана және 5,52 гашиш тәркіленді.

«43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Күдікті көлікте жолаушы болған. Ер адам бұған дейін есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-тармағы яғни, есірткіні заңсыз сақтау және аса ірі көлемде оны тасымалдағаны үшін сот-алды тергеу жүріп жатыр», — деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Күдікті Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *