НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. Лондондағы шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» өз мойнына алды, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды. Лаңкестік топтың әлеуметтік желіде жария етілген ақпарына сәйкес, шабуыл Сирия мен Ирактағы содырларға қарсы соққыға жауап ретінде ұйымдастырылған.
Естеріңізде болса, Лондонда бір ер адам көшедегі жұртқа пышақ ала жүгірген еді. Салдарынан 3 адам жарақат алды. Полицейлер оқ атып, қаскөйдің көзін жойған. Оқиға лаңкестік әрекет деп танылды. Шабуыл жасаған марқұмның бұған дейін терроризм үшін сотталғаны белгілі болды. Ол 2018 жылы бас бостандығынан айырылған екен. Бір апта бұрын ғана еркіндікке шығыпты.