Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК «Жусан» арнайы операциясы аяқталғанын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков ҚР Парламенті Сенаты дәлізінде журналистерге берген сұқбатында террористік белсенді аймақтардан қазақстандықтарды алып шығу бойынша арнайы операциялардың барлық кезеңі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Біз «Жусанның» барлық кезеңін жүзеге асырдық. Ирактан 14 баланы алып шыққанымызды білесіздер. Қазір енді ондай жоспар жоқ, өйткені біз қақтығыс аймақтарында жүрген азаматтарымызға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз, бірақ олар туралы әлі толық ақпарат жоқ. Бірақ біз алдын-ала дайындық жұмыстарын, консультацияларды өткізіп отырамыз, — деді ол.

Білісбеков Отанына оралуға ниет білдіргендердің бәрі елге кері қайтарылғанын баса айта кетті.

Кері қайтуға тілек білдіргендер, оның ішінде тіпті содырлар да бар, біз бәрін шығардық. Әрине, тиісті жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр, біз қақтығыс аймақтағы барлық азаматтарымызды, оның ішінде, ең алдымен балалар мен әйелдерді алып шығуға барынша тырысамыз. Отанға оралғандардың арасында 41 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, — деді ҚР ҰҚК басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, тағы 114 қазақстандық террористік ошақ аймақтарында қалып қойған.

100-ден астам деуге болады — шиеленіс аймағында қалған адамдардың жалпы саны, бұл, негізінен, Сирия. Олардың ішінде шамамен 36 ер адам, шамамен 80 әйел бар, ал балаларға қатысты нақты цифрды айта алмаймын. Бұл — Сирия, Ирак, Ауғанстан, — деп сөзін түйіндеді ол.

Жалпы, ҚР ҰҚК, мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестер «Жусан» бойынша бес арнайы операция өткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *