НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Экстремистік әрекетке қатыстары бары анықталған жағдайда этникалық қазақтар ҚХР-ға қайтарылады, деді ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.
«Егер бұл адамдардың экстремистік әрекетке қатысы бар болса, әлбетте, біз оны белгіленген заң тәртібінде, халықаралық заңдар мен конвенцияға сәйкес шешетін боламыз. Егер бұл азаматтардың қылмыстық әрекетке қатысы жоқ болса, ол басқа мәселе. Шекарадан өткен бұл азаматтар (Қытайдан қашқан этникалық қазақтар Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы – ҚазТАГ), олар тек мемшекарадан өткендері үшін, мемшекарадан заңсыз өткендері үшін ғана сотталып отыр. Олар тек сол үшін ғана жауапқа тартылды», — деді Білісбеков бейсенбідегі сенат кулуарында агенттік тілшісінің сұрағына берген жауабында.