НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Ауғанстанда полиция бөлімшесінің жанында бомба қойылған көлік жарылды. Бұл туралы журналистерге жергілікті полиция қызметінің бастығы Исмаил Эхрилвак мәлімдеді, деп Anadolu Ajansi сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.
Оның айтуынша, теракт 9 ақпан күні Гильменд провинциясының Гиришик аймағында болған. Эхрилвак жарылыс салдарынан алты полиция қызметкерінің қаза тапқанын айтты.
Қанды оқиға үшін жауапкершілікті әлі ешқандай террористік ұйым мойнына алған жоқ.