Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кабулда жанкешті шабуылынан кемінде алты адам өлді

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан. Ауғанстан астанасында 11 ақпанда әскери академия маңында жанкешті жасаған шабуылдан кемінде алты кісі қаза тауып, 12 адам жараланған. Зардап шеккендердің бесеуі – жай азаматтар деп хабарлады Ауғанстан ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Насырет Рахими. Ауғанстан қорғаныс министрлігі жарылыстан алты адам зардап шеккен деген ақпарат таратты, деп Азаттық Радиосы хабарлайды. 

Шабуылға жауапкершілікті әзір ешкім алған жоқ. Рахимидің сөзінше, жергілікті уақытпен шамамен сағат жетінің кезінде маршал Фахим атындағы мемлекеттік әскери академияның бақылау-өткізу бекеті жанында жанкешті өзін жарып жіберген. Шабуыл оқытушылар мен курсанттар академияға кіріп жатқан кезде жасалған.

Куәгерлер жарылыстан кейін қарудан атқан дыбысты естігендерін айтады.

Бұл академияға бұрын да бірнеше рет шабуыл жасалған. Былтыр мамыр айында жасалған шабуылға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы алған.

Сейсенбідегі жарылыс – Кабулда соңғы бірнеше айдан бергі алғашқы ірі шабуыл. Ол АҚШ пен «Талибан» өкілдері өзара келіссөздерде Ауғанстанда жиырма жылға жуық уақытқа жалғасқан соғысты тоқтатуды көздейтін бейбіт бітімнің шарттары туралы мәмілеге келе алмай жатқан сәтте жасалды.

10 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Делавэр штатындағы Довер әскери әуе базасына барып, өткен сенбіде Ауғанстанда ауған армиясының киіміндегі адам қарудан оқ жаудырған кезде қаза тапқан америкалық екі сарбазды еске алу рәсіміне қатысқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *