Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Протезіне есірткі тығып өтпек болған адам ұсталды

ТАРАЗ, 11 ақпан. Жамбыл облысында орналасқан Меркенің «Айша бибі авто» шекаралық өткізу пунктінде есірткі тасымалдаушы ұсталды, деп baq.kz хабарлайды.

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері 50-ге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын. Алайда, шекарашылардың есірткі іздеуге арнайы үйретілген «Рада» атанған иті әлгі мүгедек адамды «есірткі тасымалдаушы» ретінде меңзеді. Иттің қателесуі мүмкін емес еді. Шекара наряды күдіктіні арнайы бөлмеге алып барып, толық тексеру жүргізді. Күдік расталды. Оның протезі жәй ғана протез емес, арнайы дайындалған контейнер екендігі анықталды. Қазір оның ішінен табылған зат есірткі болуы мүмкін деген күдікпен сараптамадан өткізіліп жатыр. Көлемі мен түрі анықталу үстінде. Ұсталған азамат 47 жастағы қазақстандық екен. Күдікті Жамбыл аудандық полиция бөліміне тапсырылды, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *