НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан. Венесуэла әскери қызметшілері 500 келіге жуық кокаині бар шағын ұшақты, екі Бразилияның азаматын ұстады, деп хабарлайды РИА Новости елдің ішкі істер министрлігінің Twitter-дегі хабарламасына сілтеме жасап.
Операция 11 ақпан күні Венесуэланың солтүстік-батысындағы Лара штатында өткізілді.
«Қарулы күштер өкілдері 430 пакет кокаині (барлығы 482,520 келі) бар Embraer SENECA II ұшағын ұстап алды. Екі экипаж мүшесі ұсталды», — делінген хабарламада.
ІІМ Twitter-де хабарлағандай, есірткіге қарсы күрес жөніндегі ұлттық басқарма 2020 жылдың басынан бері Венесуэлада 2,5 тонна есірткі тәркіленді.