НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Италияның құқық қорғау органдарының қызметкерлері 13 ақпан бейсенбіде Римде есірткі бизнесіне қатысы бар деген күдікпен 24 адамды қамауға алды, деп REGNUM хабарлайды.
Заңсыз бизнестің айлық «айналымы» 90 мың еуроны құрады.
Есірткі саудасымен қатар, тұтқындалған адамдарға басқа да айыптар тағылатын болады. Атап айтқанда, полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар қару қолданып, қорқыту арқылы «клиенттерінің» борыштарын қайтаруға тырысқан.