НУР-СУЛТАН, 14 ақпан. АҚШ Мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы үйлестірушісі Нейтан Сейлс 16 ақпанда Украинаға барады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Мәлімдемеде айтылғандай, Киевте «терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастыққа арналған кездесулер» жоспарланған.
Мұның алдында ол Мальтаға барады, ал 14 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен бірге Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына қатысады.