Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырымда синтетикалық есірткі дайындаған зертханасының қызметі тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Қырымдағы ФҚК басқармасы ірі есірткі жасау зертханасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы 15 ақпанда Ресей Федерациясының Қырым Республикасы мен Севастопольдегі Федералды қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады.

Синтетикалық есірткіні өндіру зертханасын Симферопольдің 23 және 24 жастағы екі тұрғыны жеке үйде ұйымдастырды. Өндірілген есірткі заттары Қырым, Севастополь және Краснодар өлкесіне таралды.

Белогор ауданындағы арнайы қоймада және есірткі зертханасы орналасқан үйде 16 келіден астам есірткі заттары мен 700 литрден астам прекурсорлар табылып, тәркіленді.

ФҚКБ тергеушілері аса ірі көлемде адамдар тобымен есірткі заттарын өндіру туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс бойынша күдіктілердің барлығы қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *