НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан. Пәкістанның Белуджистан елді мекенінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz.
Жарылыс салдарынан 10 адам көз жұмды. Арасында тәртіп сақшылары да бар. Бұған қоса, тағы 35 азамат түрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың кейбірі қазір ауыр халде жатыр екен.
Айта кетейік, жарылғыш зат Кветта қаласындағы баспасөз клубы маңында іске қосылған. Әзірге ешқандай лаңкестік ұйым жарылысты өз мойнына алмады.