НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. «ИрАэро» авиакомпаниясының «Магадан — Кепервеем» рейсінің жолаушысы бомба тасымалдағанын айтты. Ер адамды полицияға жеткізген, жарылғыш зат табылмады, деп Магадан көлік прокуратурасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«2020 жылдың 20 ақпанында «ИрАэро» Авиакомпаниясының 133 рейсінің «Магадан — Кепервеем» жолаушысы жарылғыш құрылғысы бар екендігі туралы мәлімдеді. Жолаушы Магадан әуежайындағы линиядағы полиция бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілді, жарылғыш құрылғы табылмады, тексеру жүргізілуде», — делінген хабарламада.